Бүгін Индерде мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Айболат Сансызбаев пен  «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Дәурен Сағынғалиев құттықтап, сайыскерлерге жеңіс тіледі. 


Содан соң-ақ спорт кешенінде волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, арқан тартыс,  үстел теннисі, шахмат сынды спорт түрлерінен қызықты да тартысты сайыстар басталып кетті.


Айта кетейік сайыс жеңімпаздары мемлекеттік қызметкерлердің  облыстық спартакидасында Индер ауданының намысын қорғайтын болады.


Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT