Берешегі бар үйлердің электр қуаты ажыратылады

Қазақстанда енгізілген жаңа заңға байланысты енді 1 теңге қарызы барлардың үйлерінде электр жарығы қиылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастықтың түсіндіруінше, 2020 жылғы 24 ақпанда ҚР Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №43 бұйрығы күшіне енді, ол электр энергиясын пайдалану ережелеріне қатысты түзетулерді бекіткен.

Жаңа заңнамаға орай, тұтынушы электр қуаты үшін ақыны уақытында не толық төлемесе, электр тұтыну режімін бұзса және оны жою туралы талаптарды белгіленген мерзімде орындамаса энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электр қуатын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы екен. «Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын өшіру үшін кемінде 5 жұмыс күні бұрын электрондық поштамен, факс арқылы, поштамен, мультимедиалық хабарламамен не қолданыстағы мессенджерлер арқылы ескерту хабарламасын жібереді», - делінген ресми хабарламада.

Бұрын осы ережелерге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыны өшіру туралы хабарламамен танысқаны туралы жазбаша растауды алуы тиіс болатын, енді жоғарыда көрсетілген тәсілдермен хабарламаны жіберуді тіркеу ғана қажет.

Сонымен қатар, сөндірілген жағдайда қайта қосылу құны пәтерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 6 730 теңге, жеке үйде тұратын жеке тұлғаларға 10 115 теңге, заңды тұлғаларға – 11 606 теңге. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес тұтынылған электр қуаты үшін дебиторлық берешекті өндіріп алу нотариустардың қарамағына берілді.

Атқару жазбасын жасағаны үшін шығыстар 1,5 АЕК (3 977 теңге), 200 мың теңгеден астам берешек болған жағдайда – берешек сомасының 3%- ын құрайды. Сотқа талап арыз берген жағдайда берешек сомасының 3% мөлшерінде сот шығындарын төлейді.

Бұған қоса электр энергиясын қайта қосу 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика