Аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия отырысы өтті. Бұл жолы Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты және есірткіге тәуелді азаматтарды есепке алу және олармен жұмыс жөнінде Индер аудандық аурухана директоры А.Доспаева баяндады.
Онда ол денсаулық саласында көрсетілетін 20 мемлекеттік қызмет түрі бар екенін, оның 16-сы аудандық ауруханада көрсетілетінін, ал наркологиялық, психиатриялық анықтама беру, қайтыс болғаннан кейін анықтама беру, бюджет қаржысы есебінен шетелге емделуге жіберу түрлері көрсетілмейтінін, жалпы 8 айда 43 мемлекеттік қызмет түрі орындалмағанын және оның себептеріне тоқталды.
Сондай-ақ кейбір дәрілер қымбат болғандықтан сату, сатып жүйесіне ешкім ниет танытпауы кідіріс болаты- нын да қаперге берді. Жиында аудан прокуроры Н.Ешманов тақырыпқа сай қаржының қандай мақсатқа жұмсалғандығы жөнінде айтылу керек екендігін, туберкулезбен емделмей жүргендерді мәжбүрлеп емдету керек екендігін назарға салды. Комиссия отырысында аудан басшысы көтерілген тақырып бойынша тоқтала келе, баяндамалардың күн тәртібіне сай болуы қажет екендігін айтып, оны қадағаламаған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне арнайы ескерту жасады.
Өз тілшіміз