Батыл бастама баянды болды

Мемлекеттіміздің  айшықты да ұлттық мерекелерінің бірі республика күнінің мән-мағынасы жоғары деп білемін. Сайын дала төсінде ел болып етек жинаған егемен еліміздің өткен тарихы қаншалықты азаптты да ауыр болса елдің ертеңі соншалықты көркем де келбетті болары анық.  Ширек ғасырға жуық уақыт өткен соң екінші рет атап өткелі тұрған мереке мен үшін ерекше болды. Өйткені мен Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық форумына қатысу құрметіне ие болдым.

Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, өңірлік делегациялар – меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлар, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА қайырымдылық жобаларының қатысушылары және БАҚ өкілдері

Форум аясында Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталып қуанышқа кенелдім. салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысының Рухани келісім күніне орай аудандық Аналар кеңесінің мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін «Жомарт жан» төсбелгісінің иегері атануым мен үшін үлкен мәртебе және Атырау облысының мерейі деп білемін !

Маған сенім артып, осындай марапатқа лайықты көрген жандарға зор алғысымды білдіремін.

Алдағы уақытта да Ел мерейі үшін еңбек етер “Жомарт жандардың” қатары көбейіп, игі істеріміз өз жалғасын тауып, келешек ұрпаққа үлгі болады деп сенемін.

Республика күні мерекесі құтты болсын !

Ақжібек САБЫҒАЛИЕВА,

«Жомарт жан» төсбелгісінің иегері

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521