Бас редактор Жаңақорған ауданының әкімімен кездесті

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не қарасты «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Дәурен Мұхамбеталиев пен «Дендер» Индер аудандық газетінің бас редакторы Жанай Амантурлинді қабылдап, келелі әңгіме құрды.

Аудан басшысы рухани- мәдени бағытта атқарылып жатқан бастамалар, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартатын жобалар жайлы сөз етті. Сыр бойында қаламгерлік ізі қалған атыраулық жазушы- журналистердің еңбегін атады. Жаңақорған ауданындағы тарихи орындардың құндылығы жайында және жергілікті ақын- жазушылардың еңбегін әңгіме өзегі етті. Қонақтар мәдениет, руханият саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін, қазақ журналистикасының алдындағы жауапкершілік жүгі және өңір-өңірдегі журналистердің өзара шығармашылық байланыс орнатуының маңызына тоқталды.

zhanaj

Одан кейін атыраулық әріптестер «Жаңақорған тынысы» газетінің шығармашылық өкілдерімен еркін форматта кездесіп, әріптестік байланысты орнату жөнінде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. «Сыр медиа» ЖШС газет таратуды қолға алып, басылымды оқырмандарға уақытылы жеткізіп беруді жолға қойды. «Атырау- Ақпарат» ЖШС осы үрдісті пилоттық жоба ретінде енгізіп, тәжірибеден өткізуде екен. Сондықтан қонақтарды газет таратудың тетіктері қызықтырды. Кездесу барысында қонақтар газеттің таралым ауқымын кеңейту, арнайы беттер ашу жөнінде ой бөлісті, сонымен қатар, әлеуметтік медиа мен блогсфера нарығында бәсекеге қаншалықты қабілеттіміз, ақпараттық бәсекеде орнымыз қандай деген сұрақтарға жауап іздеді...

zhanajj

Сарайшықтың қасиетін білетін қаламгерлер Сығанақ қаласына арнайы барды. Ұлы Дала елінің өркениет орталығындағы археологиялық қазба жұмыстарын көріп, қаланың тарихи маңызы жайында ойларымен бөлісті.

zhanaqorgan-tynysy.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз