Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы вакцина алу мәселесіне пікір білдірді

«Атырау облысына жұмыс сапары аясында жергілікті журналистермен кездескен Қазақстан мұсылмандары діни басқарма төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирусқа қарсы вакцина алу – денсаулықты сақтау үшін керек қадам екендігін айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

«Өз басым екпе салдырып, екі компонентін де алдым.​ Қауіпсіздік мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы​ қызметкерлері түгелге жуық вакцина алды. Екпе алу имамдарымыз, мешіт қызметкерлері арасында да жалғасуда. Медицина мәселесінде мамандардың пікіріне сүйенген жөн. Дәрігерлер екпе - денсаулық үшін керек екендігін айтуда. Қасиетті Құранда «Өз қолдарыңмен өз денсаулықтарыңа қиянат жасамаңдар» деген. Біз осы аятқа сүйенеміз. Елдің амандығы біз үшін өте маңызды. Демек, екпені сақтық мақсатында алуымыз қажет» деп нақтылады Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетелік, 1 ақпан – 15 қыркүйек аралығында Атырауда коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентімен 164​ 600 тұрғын егілді. Вакцинаның І компонентін 214​ 398 адам алды. 16 қыркүйек күнгі ресми мәлімет бойынша, ел бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентімен 7194860, ІІ компонентімен 6019027 қазақстандық егілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз