Индерде Барлаушы мөлтек ауданындағы 4 көше тұрғындары да бас қосып Наурыз мейрамын атап өтті.
16 қанатты киіз үй тігіліп, ошаққа палау пісіріліп, шоққа шәй қайнатылып әдемі қазақи дастарқан жайылды.
Сонымен қатар шара барысында би мен ұлттық киім сайыстары ұйымдастырылды. Ата салт бойынша ұлттық ойындар да ұмытылған жоқ. Гир көтеру, арқан тартысу, қолмен күштесу жарыстары мейрамның сәнің келтірді.
Көңілді шарада бүлдіршін де назардан тыс қалмай, олар үшін арнайы батут құрылып, мәз мейрам болды.
Осындай қазақтың Ұлттық мейрамы бірлігі жарасқан көршілердің ұйымшылдығын тағы бір дәлелдеді.
"Дендер-Ақпарат"