Балық қорғаудағы бір міндет

Аудан әкімдігінің қолдауымен Индер балық қорғау инспекциясының
ұйымдастыруымен аудандағы су тоғандарындағы балықтардың қырылуының алдын алу мақсатында мұзды ойып арнайы техникалармен ауа жіберу жұмыстары жүргізілуде.


Өзіміз куә болған үлкен Елтай су тоғанына атыраулық «КаспийРыбЕвра-
зия», «Қызылбалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен бірлесіп
аталған жұмыстарды атқарып шықты. Елтай ауылдық әкімдігінің араласуы-
мен аталған су тоғанынан үш жерден мұз ойылып, ауа жіберді.


Инспекция басшысы Сәуірбек Рысмағанбетовтың айтуынша, өткен
жылдың көктемінде су деңгейінің 4 метр 20 сантиметрге келуінің нәтижесінде аудандағы 21 су тоғанының 18 су келіп, су маржандарын сақтап қалудың барлық шаралары қабылданған екен. Бүгінгі таңда олардың басым бөлігі кеуіп қалған көрінеді.


Апта сайын қолда бар су тоғандарындағы мұзды ойып ауа жіберу жұмыстары өз жалғасын таба бермек.

 


С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521