Балаларды қуантқан "Ақ ниет"

Коронавирус індеті өріс алып, елге біраз залал тигені белгілі. Көптеген отбасы қиындық көріп, тарыққаны да жасырын емес. Сол шақтарда ауданда дүниеге келіп, бұл күнде еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген жастарымыз 2021 жылғы тамызда өзара бірігіп, «Ақ ниет» қайырымдылық тобын құрып, қайырымдылық шараларын қолға алғанды.

Топ жетекшісі Жантұрған Шанқұлов пен Әсел Раушанованың айтуынша, аталмыш қайырымдылық қоры аудандағы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, «Көктем», Аққала, М.Сиранов, Махамбет, Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектептерде оқитын 80-ге жуық шәкіртке оқу құралдары мен жыл мезгілдеріне байланысты киетін киім-кешектерін алып беріп, қуантып отыр. Құрамында 20-дан астам мүшесі бар қайырымдылық тобы мұндай қамқорлықты аудандағы өзге де білім беру мекемелерінде жалғастыруға ниетті.

Тарыққан сәтте қолдау көрген шәкірттердің ата-аналары қордың ерікті жастарына өз алғыстарын білдіруде.

С.ЕРСАЙЫН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз