Балаларға бақыт сыйлаған күн (ФОТО)

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аудан көлемінде ерекше тойланды. Дәл осы күні ауданның ерікті жастары кенттегі көп қабатты 129, 32-40 және «Көктем», «Барлаушы» мөлтек аудандарындағы балалардың жазғы аулаларында мерекелік кеш өткізді.

Олар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, әрбір баланы мерекемен құттықтап, ертегі кейіпкелерінің қатысуымен ойын-сауық ойындарын ұйымдастырып, мереке көркін қыздырды. Ал балғындар мұның барлығын біркелкі ерекше үйлесімде орындап шықты. Тіпті алаңда орындалған мерекелік ән мен бидің қосындысы тамаша үйлесім тауып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

e

Осылайша қай уақытта да шынайы қуанып, шынайы күле білетін періште бөбектердің думанды мерекесі олардың ұмтылмас сәттерінің біріне айналғаны анық. Міне, балалардың шат күлкісі нұрға толып, ғажайып күйге бөленген мереке күні бүлдіршіндердің көңілдері көтеріліп, тәттілерге риза болып, мәз-мейрам болып тарқасты.

t

-Біз ауданның ерікті жастары Халықаралық балалардың қорғау күнінен орай осындай игі іс жасауды бастама ретінде көтеріп, жүзеге асырдық. Әрине, кенттегі мөлтек аудандардағы және көпқабатты пәтерлер алаңындағы жасыл аулаларда балаларға әдемі көңіл күй сыйлай білдік.

Сондай-ақ бұл күні 4 маусым - Рәміздер мерекесіне орай да балаларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, түрлі сұрақтар қойылды. Осындай жұмыстар «Еріктілер жылында» да өз жалғасын табатын болады,-дейді А.Қабижан.

z

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521