БАҚ өкілдері боулингте бас қосты

Атырау облыстық бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен жылдағы дәстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында БАҚ өкілдері боулингте бас қосты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі. Клуб төрағасы Жанай Амантурлин кездесу маңызына тоқталып, іс шараны ашқан соң облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұқамбетов құттықтап, Астана телеканалының тілшісі Базаргүл Ізімоваға Х.Доспанова атындағы медальді тапсырды. Сондай ақ облыстық мәслихат депутаттары Айбар Ерекешов, Бақыт Каметов, «Светланд -Ойл» ЖШС компаниясының директоры Жеңіс Әбілқарес барша қатысушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алғыс хат тапсырды. Қызықты ойынға 5 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Ойын соңында көп ұпай жинаған командалар мен жеке ойыншыларға кубоктар мен алғыс хаттар тапсырылды.



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521