Аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің 85 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыс жылдары газеттің редакторы болған, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Сүндетқали Ерғалиевтың атында «Жеңіспен келген бейбіт күн» тақырыбында мектеп оқушылар арасында шығарма жазудан байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты: Білікті редактор, көрнекті журналист С.Ерғалиевтың есімін жаңғырта отырып, 1941-1945 жылдардағы соғыстың қасіреті, бабалар ерлігі мен олар сыйлаған бейбіт күндегі бақытты балалық шақ аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Байқаудың талаптары: Байқауға қатысушылардың шығармалары 31 мамырға дейін редакция мекемесінде немесе электрондық почтасында (
Бағалау критерийі: Байқау жеңімпаздары редакция жанынан құрылған шығармашылық топтың шешімімен анықталады. Сондай-ақ келіп түскен материалдар (www.der-der.kz) сайтында жарияланып, әлеуметтік желідегі (https://www.facebook.com/dendergazeti) оқырмандардың қаралымы мен пікірлері де ескерілетін болады. Сонымен қатар материалдың сауатты жазылуына назар аударылады. Ең бастысы, бұрын жарияланбаған жəне ғаламтордан немесе басқа жерден көшірілмеген болуы міндетті. Егер көшірілген материалдар болса байқауға қатыстырылмайды.
Байқау қорытындысы: Қатысушылардың материалдары сараланып, «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай қорытындыланады.
Марапаттау: Жүлдегерлер ұрпақтары дайындаған арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Біздің байланыс телефондарымыз: 2-11-42, 87011085021, 87781246436
Ұйымдастырушылар алқасы