Аудан көлеміндегі жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында, Есбол ауылдық округіне қарасты Бағырлай каналына Жалаңаш Жар учаскесінен су жіберіле бастады.
Айта кетейік, Бағырлай каналының жалпы ұзындығы – 105 км. Аталған канал Өрлік ауылдық округіне қарасты Заһар су тоғанына дейін жетеді.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Есетовтың айтуынша, алдағы уақытта кезең-кезеңімен «Ақсай», «Бағырлай–Елтай», «Алғабас–Жорық» каналдарына су жіберілетін болады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі