Бақыт Сұлтанов қант бағасы туралы пікір білдірді

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді.

Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы сауда нүктелерінде қанттың бағасы қанша? Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерін сұхбат берген министрге осындай сұрақ қойылды.

«Біз қант бағасын ақпарат жинау арқылы ғана бақылап, айналысып отырған жоқпыз. Өз басым жексенбі күні бірнеше сауда нысанына бардым. Әрине, баға құбылып тұр. Оны мен де растаймын. Қант бағасы негізінен сұраныс әсерінен көтеріліп кетті. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бағаның ақылға қонымды болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ведомство басышсы.

Сондай-ақ, ол қанттың келісі 900 теңгеден сатылып жатыр деген ақпаратпен келіспейтінін айтты.

«Баға 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұр. Импорттық қант деп жеке сатып жатқандар бар. Мен 900 теңге деген бағаны көрген жоқпын», - деді Бақыт Сұлтанов.


inform.kz

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25qazan-respublika

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика