"БАҚҚА БАРУҒА ҚОРҚАМЫЗ"

           Кенттің "Көктем" ықшам ауданындағы саябақтың көптен бері шөбі шабылмағанын айтып редакциямызға бірнеше тұрғын хабарласты. Күтім болмағасын индерліктер баруды да қойған. Солардың бірі – Есенаман Төлеуғалиев.
            - Бұл жер қазір қараусыз қалған. Арам шөбі қаптап, қоқыс салатын жәшіктері толы, сыртында шашылып жатыр. Балаларымызды бүйі шағып ала ма деп қорқамыз. Саябақ болғаннан кейін, халық демалатын орын іздеп деп барады. Бірақ, оның қазіргі келбеті осындай. Ауданның бір тұрғыны ретінде мен де осы жерге жаным ашиды. Арам шөбі шабылып, қоқыстары тазаланып, халық мәз-мәйрам болып, демалып жүргенін қалаймын. Осы бір мәселені қадағалаушы орган өкілдеріне жеткізсеңіздер екен. Бұл жалғыз менің жанайқайым ғана емес, осы жерде тұратын тұрғындардың пікірі, - дейді ол.    

w      
            Саябаққа біз де бардық. Теректері уақтылы суарылып тұр демесеңіз, шынымен арам шөп «орманға» айналған, отырғыштар ортада қалған.     
            - Өзіміз осы шағын мөлтек ауданда тұрғандықтан, кешке қарай немерелерімді әкеліп жүретін едім. Қазір келуге қорқамын. Балалар ойнайтын алаң да шөптен аяқ алып жүргісіз. Осы жерді тазалап берсе қандай жақсы болар еді, - дейді тұрғындар.

w
            Осы орайда, аталған нысанға жауапты Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратовпен сөйлестік. Айтуынша, қазіргі таңда кенттегі барлық күш Меңдіғалиев саябағын тазалауға жұмсалуда. Осы жердегі жұмыстар біткен соң осы баққа тазалау жұмыстары жүрмек.


  • Ж.НАРИМАНОВА,
  • сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз