Бәрекелді, бекіре көріне бастады

Жайық өзені тасымай, 2010 жылдан бастап судың денгейі төмендеп кеткен болатын. Соған байланысты 2011- 2014 жылдардың аралығында өзенге кіретін бекіре тұқымдас балықтардың келуі бәсеңсіп кетті. Судың аздығынан балықтардың саны мен олардың түрлерінің азаюы жиіледі.


Биыл су көлемінің мол келуіне байланысты, көктемгі уақытта балық көбейіп, оның түрі оннан асты. Бұл ел ырысы үшін қуанышты жағдай.

Қазіргі тамыз, қыркүйек айларында судың деңгейі аздап төмендеді. Дегенмен көктем уақытында Жайыққа кірген балықтар жергілікті жерге сіңісіп, өзенде қалды. Бұл дегеніміз - алдағы уақытта балық санының артатынын білдіреді.
Бұрын 2014-2015 жылдары соңғы рет бекіре тұқымдас балықтар салынған құрма ауларға түсіп қалған кездері болып, біз оларды шығарып кері суға жіберіп жүрдік. Сол сияқты мына бекіре көптен бері көрініп тұрғаны. Жақында кезекті рейд кезінде Индер ауданының жоғарғы оң жағында Аққала ауылына жақын тұста заңсыз құрылған құрма ауларды сүзу барысында осы бекіре тұқымдас балықтың жас шабағы түсіп қалғанын көріп, оны құтқарып айдынына жібердік.

Серік Дәуленов,

Индер аудандық балық инспекциясының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз