Кезекті сессияда «Индер ауданына қарасты Бұхар ауылының әкімшілік бағыныстылығын Қызылқоға ауданына беру туралы» аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев баяндап, бұл туралы ауыл тұрғындарымен келісілгенін, барлық шаралар заңды түрде қолға алынғанын қаперледі.
Осылайша депутаттар тарапынан қолдау тапқан соң енді Бұқар ауылы Қызылқоға өңіріне өтетін болды.
Бұқар – аудан орталығынан 110 шақырым қашықтықта шалғай жатқан ауыл. Бұрынғы ауданға қарасты Жамбыл совхозының ферма орталығы болған елді мекен Қызылқоға ауданының шекарасында орын тепкен. Заман ыңғайымен соңғы жылдары ауыл тұрғындарының көбі қалалық елді мекенге көшуі көбейіп, ауылдағы үй саны да азайып келе жатқаны жасырын емес. Мұнда өкінішке орай, медициналық пункт ғимаратының жағдайы да апатты екен.
Бүгінде осында қалған 14 үйде 74-тей адам қалған. Бір жақсысы, ала қырда орналасса да ауыл тұрғындары электр жарығы, табиғи газ, ауыз су желісі, телефон сынды инфрақұрылымның игілігін көріп отыр. Ұялы телефон байланыс та қолданыста.
Толығырақ газеттің 3 қаңтар 2019 жылғы санынан оқи аласыздар