Азық-түлік - арзан бағамен

Өткен сенбіде аудан орталығындағы жаңа мәдениет үйі алдында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Ауыл шаруашылығы күніне орай ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге «Асыл Агро», «Индер Агро», «Весна», «Қостан», «Темірғалиев С», «Айдын» «Қаратоқай», «Тоқбай» шаруа қожалықтары қатысты.

20201112_174028

Сауда алаңында шаруалардың ұсынған ет, көкөніс өнімдерін саудалаған тұтынушылардың қарасы да аз болмады. Әсіресе, «Асыл Агро» ЖШС картобын жүк көлігімен әкеліп, келісін 100 теңгеден, пиязын 60 теңгеден саудалады.

img-20201111-wa0042

-Сатылымдағы өнімдерінің қай-қайсысы да базар бағасынан төмен сатылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарымен бірге 3 сиыр , оншақты қой сатылып, бәрі де түгел өтіп кетті. Биыл карантинге байланысты жәрмеңкелерде толық өткізе алмап едік. Ауа райы қолайлы болса алда әлі де жәрмеңке ұйымдастыру жоспарымызда бар, - деді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет Есетов.

Тұрғындар да азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында ұйымдастырылатын жәрмеңкелердің алда да тұрақты өткізіліп тұрғанын қалайды.

С. Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз