Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйлерге берілетін жеңілдік кімдерге тиесілі?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жылдың соңына дейін жалдамалы пәтерлерді субсидиялауға қатысты нақты ережелер бекітіледі. Бұл туралы индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдердің жинақтық қорының 30 пайызын жалдамалы пәтерлер құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш - 1,7 пайызға жеткен. Қазіргі таңда 530 мың мұқтаж отбасы кезекте тұр. Тұрғын үйді жалдау құнының бір бөлігін субсидиялау ұсынылады. Бүгінгі күні мемлекеттік органдармен бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Ал қолдау көрсетілетін отбасыларды "Отбасы банкі" анықтайтын болады", - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Алдын ала бірнеше талаптар қарастырылған:

отбасының ең төменгі табысы - бір отбасы мүшесіне 32 668 теңгеден аспауы керек;

жалдау мерзімі мұқтаж мәртебесін растағаннан кейін бес жылға дейін ұзартылуы керек;

пәтердің орташа ауданы 40-тан 80 шаршы метрге дейін болуы шарт.

Әр аймақ үшін нарықтық бағаны есепке ала отырып субсидиялау жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT