Аудан көлемінде 2020 жылы басынан автокөліктердегі өрттер көп тіркелуде.
Осы ретте, Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктердегі өрт, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, төмендегі шараларды қатаң орындауды ұсынады:
—электр тоқ жүйелері және қондырғылары зауыттан шығарылған болуы тиіс;
—қозғалтқыш пен астынғы қорғағыш жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;
—автокөлік (жеңіл автокөлік-ОП-1, «Газел» автокөліктері-ОП-3, автобустар-ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5 -2 дана) отбасқыштармен қамтамасыз етілсін;
—аккумулятордан электртоғын ажырататын қондырғы (трамблер) ақаусыз жұмыс істеуі керек;
—жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізішісі өрт-техникалық минимумнан өтуі керек. Қатаң тыйым салынады:
—қозғалтқышты ашық отпен (паяльная лампа) қыздыруға;
—қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;
—жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;
—автокөлік ішінде темекі шегуге;
—автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;
—аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға;
—қозғалтқышты бензин немесе дизель маймен жууға.
Есіңізде сақтаңыз! Автокөлік жүргізушілері!
Адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық. Өрт-тілсіз жау екенін ұмытпаңыз !
А.ИШАНҒАЛИЕВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.
азаматтық қорғау капитаны