Ауыр жүк көліктеріне айыппұл салынды


«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ ұйымдастыруымен «Жолдау қабылдау» акциясы өтті. Оған Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында жергілікті маңызы бар «Атырау-Индер» жолындағы демалыс алаңында ауыр жүк көліктерінің салмағы тексерілді.
«Атырау-Индер» жолымен ауыр жүк көліктері жиі өтеді. Себебі, Индер жерінен алынатын құрылыс материалдары Атырау қаласына осы жолмен тасымалданады.
Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облысы бойынша филиалының инженері М.Бекесовтың айтуынша, жол сапасының нашарлауына ауыр жүк көліктерінің белгіленген мөлшерден әлдеқайда артық жүк тасымалдауы әсер етеді. Статистикалық мәліметтер бойынша облыста асфальттың 35% -ы жүк көліктерінің салдарынан тез тозады. Сондықтан жол сапасын сақтау мақсатында жылдың әр мезгілінде ауыр жүк көліктеріне бақылау шаралары күшейтіледі. Заңға сәйкес ауыр жүк көліктерінің салмағы жеке білікке 8 тоннадан асқан жағдайда айыппұл салынады.
Тексеріс кезінде көлік бақылау инспекторлары бірнеше жүк көлігін тоқтатып, арнайы құрылғымен салмағын өлшеді. Құм тиеген кейбір жүк көліктерінің салмағы шекті мөлшерден 3-5 тонна асып кеткендігі анықталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабы, 6-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің маманы Талғат Жантеміровтың айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабы, 6-бөлімі бойынша, жеке жүк тасымалдаушылар 40 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Жыл басынан бері жол бойында заң бұзған 62 мыңнан астам көлікке 46 млн. теңге айыппұл салынған. Оның 17 474 415 теңгесін заң бұзған 145 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі төлеген.

Ләззат Еділханқызы
«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ баспасөз хатшысы-87753715286

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз