Ауылға барсаң, жол ашық

Биылғы жылы ауданда автомобильдер жолының құрылысы қарқынды жүруімен есте қалатын болды. Өрлік ауылдық округінен басқа ауылдарға жаңадан жолдар салынып, ел игілігіне берілді. Солардың қатарында аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан Қызылжар-Ақтан елдімекендерін атап өтуге болады.

Жол салу мәселесі тұрғындар жиындарында да көтеріліп, аудан басшылығы қаржы мүмкіндігіне қарай шешу жолдарын қарастыратынын мәлімдеген болатын. Айтқандайын, мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қазынадан 310 млн теңгеге парапар қаржы қаралып, тиісінше жұмыстар ағымдағы жылдың маусымында басталған еді.

novyj-asfalt

Атыраулық «Атырау жолдары» ЖШС қолға алуымен қос ауылдың кіреберіс 3 км жолы түбегейлі жөндеуден өткізілді. Жолдың пайдалануға берілген салтанатында ауыл тұрғыны, зейнеткер Сағынтай Мұқан ауылдастарының ризашылығын жеткізді.

- Ақтан - Қызылжар ауылдары тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Тәуелсіздік мерекесіне орай жолды тапсырып жатқан округ, аудан әкіміне осы ауыл тұрғындары атынан көп-көп рахметімізді айтамын. Бұдан әрі қарай да еңбектеріне табыс тілеймін, - деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, аталмыш ауылда 30-ға жуық отбасы түтін түтетіп отыр. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Иманғазиевтың сөзінен ұққанымыздай, келер жылы да жол жаңғырту жұмыстары аясында Өрлік ауылдық округі мен Индербор кентінің кейбір көшелері жөндеуден өткізілетін көрінеді.

С.ЕРСАЙЫН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521