Ауылдықтар өз таңдауын жасауда

Жарсуат ауылдық округіне қарасты Құрылыс ауылында барлығы 700-ге тарта халық тұрады. Оның 398-і сайлаушы ретінде тіркелген.

Кезінде ауыл халқы асарлатып салған мәдениет үйінде №117 сайлау  учаскесі орналасқан. Сағат 7.00-де басталған әкім сайлауында алдымен ауылдың ақсақалы Сапар Құрмашев дауыс берді. Сондай-ақ Нұрен Құрманғалиев, Жарқын Шомаев, Өсиет Бақтиярова,  Тамара Тәженова,  Зәуре Нығыметова,  Баянды Рахимов сынды тағы басқа да ауыл азаматтары алғашқылардың легінде өз таңдауларын жасады.

sajlau-kurylys

-Сағат 11-ге дейін сайлаушылардың 25,8% дауыс берді. Учаскеге қарасты Кетебай,  Тасқұдық,  Орлыой,  Қуат ауылдарындағы барлығы 32 сайлаушының дауыс беруіне арнайы жәшігімен сайлау комиссиясының мүшелерін жөнелттік. 8 сайлаушы үйден дауыс беруге ұсыныс жасады,-дейді №117  сайлау учаскесінің төрағасы Нәсіп Ахмедьярова.

С. Сансызбайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз