Ауылдарда мәдениет үйлері пайдалануға берілді

Осыдан үш жыл бұрын құрылысы басталған Бөдене және Есбол ауылдарындағы жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы толықтай аяқталып, бүгін пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев қатысып, аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлының атынан ауыл тұрғындарын көптен күткен қуанышымен құттықтап, осындай нысандар ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығына айналатынын атап өтті.

Айта кетелік, бұл нысандар 200 және 300 адамға лайықталып салынған. Екі қабатты ғимаратта оқырман бөлмесі мен кітапхана, би залы және түрлі үйірмелерге арналған бөлмелер бар. Сахна заманауи технологияға негізделген жарық беру құрылдарымен жабдықталған. Мəдениет үйлері Қазақстан экономикасына зор үлесін қосып жүрген алпауыт «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен салынды. Айталық, аталмыш компания 2016 жылы Индербор кентінен 400 орындық мәдениет үйін, Ынтымақ ауылынан 200 орындық мектеп құрылысын қаржыландырған болатын.

Осылайша, жаңа ғимараттың лентасы қиылып, көпшілік ғимаратты аралап көрген соң, жергілікті өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаеваның әндерімен сусындады.

Толығырақ «Dender» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз