Есбол, Елтай, Көктоғай, Аққала ауылдарының инженерлік инфрақұрылымын аяқтау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан бойынша Елтай (80 учаске), Аққала (50 учаске), Көктоғай (60 учаске), Есбол (270 учаске) ауылдарына «Айком LTD» ЖШС-нің мердігерлігімен электр жүйесі жүргізіліп жатыр. Мамыр айында басталған инженерлік жұмыстар тамыз айында аяқталуы жоспарлануда.
Айта кетейік, 2020 жылы газ желісі және ауыз суы жүргізілген болатын. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап барлығы 460 учаске жер телімі беріле бастайды.
Бұдан бөлек, Бөдене (167 учаске), Өрлік (72 учаске), Жарсуат (73 учаске) ауылдарына 2020 жылы су және газ жүйесі жүргізілді. Ал электр желісінің жобасы сараптамадан өткізіліп, республикалық және облыстық бюджетке қаржы бөлу үшін сұраныс берілді. Аталған жұмыс жүргізілгеннен кейін осы округтердегі жер кезегіндегі азаматтарға табыстайтын болады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі