"Ауыл" партиясы ауылдардың көркеюіне үлес қосуда

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Президенттің ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларын қолдады.

Сондай-ақ, еліміздің ауыл шаруашылығы саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру, ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстарын да жеткізді.

Бүгінде елімізде ауылға үлкен бетбұрыс жасалып жатқанын ауданның ауылдық елді мекендерінен-ақ көруге болады дер едім. Мысалы, бүгінгі таңда барлық ауылдық елді мекендерде білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері салынып бола келсе, енді спорт ғимараттары да бой көтере бастағанына куәсіздер. Газ, ауыз су мәселесі де толық қамтыла келсе, енді ауыл ішілік жолдар да төселіп жатыр.

Жақында ғана шағын ауылдар Ынтымақ пен Аққалада болдым. Кәдімгідей шырайы кіріп, қала секілді кейіпке еніп қалыпты. Мал және егін шарушылығын тиімді дамытуға орай ауданда игерілмей жатқан жер иелерімен жұмыстар жүргізілуде. Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несиелер беріліп, ауыл шаруашылығын дамытуға бар жағдай жасалуда.

Әрине, ауылшарушылық өнімдерін өңдеу өндірісі бағытында әлі де цех, зауыттар ашу міндеттері кезек күттірмейді. Бүгінде партияның аудандық ұйымында 145 мүшеміз бар. Жақында ғана әр салада еңбек ететін 12 адамды мүшелікке қабылдадық.

«Ауыл» партиясы алдағы уақытта ел сенімінен шығу бағытында игілікті істерге атсалыса бермек.

Керімбай САБЫРҒАЛИЕВ,

«Ауыл» партиясының аудандағы бастауыш ұйымның төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521