Аутизмге шалдыққан баланы тапқан полицейді министр марапаттады

Баланы тапқаны үшін полицей Тілек Ерлібековті министр Марат Ахметжанов “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” ведомстволық медалімен марапаттады, деп хабарлайды ATPress.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі: Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды.
14 тамызда кәмелетке толмаған 12 жасар Тамирлан Ахмеджановтың жоғалып кеткені, оны іздеуге көмектесуді сұраған өтініш келіп түсті. Темірлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта кері оралмаған. Шұңқырдан табылған кезде бала полицей Тілек Ерлібековтен басқасын маңына жуытпаған. Тілек Ерлібеков баланың жанында біршама болып, оны құшағына басып, сабырға келтірген. Содан кейін ғана дәрігерлер балаға жақындай алған. Полицейдің өзі баланың аман-есен тапқанына қуанышты екенін айтады.
Сурет Zakon.kz сайтынан алынды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз