Индер ауданы аумағында 21-27 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Шара қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылардың есебін және жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, құқықтық әсер ету шараларын қабылдау, қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды, заңсыз көші-қон және жол қозғалысының ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Сондай-ақ заңсыз қолданыстағы жарақат салатын қаруларды тәркілеу, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстардың және жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу да қолға алынады.
Р.А.Тлеков,
Индер ауданы ПБ ППТ қызмет инспекторы
полиция лейтенанты