Ауғанда от кешкендер

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай арнайы шаралар өтті. Алдымен Ауған соғысының ардагерлері екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар құрметіне қойылған «Боздақтар» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Аудан бойынша осы соғысқа ауданнан елуге жуық азамат алынса, олардың арасында Абат Далабаев ерлікпен қаза тауып, мемлекет тарапынан «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталғаны белгілі. Батыр ұлға арналып кіші аяқ доптан ұйымдастырылған футбол шаралар легін жалғастырды. Барлығы 12 команда қатысқан байрақты бәсеке тартысты өтті. Қаруластарын үнсіздікпен еске алған жауынгерлердің бұл күнде көзі тірісі 20-ға жуық. Олар әртүрлі салада еңбек етеді.

Жастар орталығының жұмысымен танысқан олар бейбіт өмір басты байлық екенін айтудан жаңылмайды.

«Бастау» мейрамханасында ардагерлер мен олардың отбасыларын аудан әкімі Дарын Шамұратов арнайы қабылдап, ерен ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің ерлігін ұмытпай, қатарда жүрген азаматтарды құрметтеп жүру керектігін атап өтті. Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүйеу Халықов, ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Самат Айтимов сөйлеп, көрсетілген құрметке ризашылық білдірді.

– Бүгінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр. Осыған орай ұрыс даласында қаза болған Абат Далабаев атындағы турнирге қатысып отырған жайымыз бар.

Мен 1987 жылы осы Кеңес әскерінің қатарына алынып, 1989 жылы аман-есен елге оралдым. Шүкір, үбірлі-шүбірлімін.

Алдағы уақытта қаруластырымыздың қатары сиремей, ұзақ ғұмыр кешсе екен деп тілеймін, – дейді біз тілдескен есболдық ардагер Жексенғали Өмірғалиев.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521