Ауданның бас санитариялық дәрігері зейнет демалысына шықты

Аудан әкімдігінде Индер аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ержанова Шолпан Абайқызын зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салды.

Аудан әкімі М.Қалауи ауданның қоғамдық денсаулық сақтау саласына еселі үлес қосып, бүгінде зейнеткерлік жасқа шыққан ауданның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ш.Абайқызын арнайы қабылдап,құттықтау хат табыстады.

Ш.Абайқызы еңбек жолын 1986-1988 жылдары Семей облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында «Балалар және жасөспірімдер» бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 1988-1999 жылдары Индер аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясында – санитарлық дәрігер, 1 санатты дәрігер-бактериолог, 1999-2009 жылдары Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының Индер филиалының директоры болып жалғастырды. 2009 жылдан күні бүгінге дейін ауданның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Индераудандық басқарма басшысы қызметін атқарып келді.

Көп жылғы абыройлы да еселі еңбегінің нәтижесінде,Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен наградталды.

Әлемді шарпыған індет елімізде де орын алып, қауіпті дерттің таралуы қарқын алған кезеңде алдыңғы шепте жедел әрекет етіп, ауданның санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын сақтауда табанды әрі қажырлы еңбек етіп,жүргізілген іс-шараларға белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Алғыс»грамотасымен марапатталды.

Қазіргідей сын сағатта қосқан үлесі мен ұзақ жылғы қызметіне алғыс білдірген аудан басшысы мен әріптестеріне мерейгер иесі өз ризашылығын жеткізді.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521