Аудандық Адалдық алаңы кітап алмасу акциясын өткізді

Индер аудандық «Адалдық алаңы» өкілінің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Буккроссинг» кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды.

Азаматтарды, әсіресе жастарды кітап оқу арқылы парасаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында өткен бұл шараға «Аудандық ардагерлер» ұйымының төрағасы Өтеп Нұриев, орталық кітапхана ұжымы, жастар орталығы мамандары, студенттер, жастар, оқушылар қатынасты.

Өтеп Қасибаұлы жастарға өзінің оқыған кітаптары мен қандай кітаптарды оқуға болатыны жөнінде сырымен бөлісті. Ол сөзін ең бастысы өзіміздің жергілікті азулы ақындарымыз М.Мөңкеұлы, Махамбеттердің, олардың ізін жалғаған Т.Досымовтардың туындыларын индерліктер жатқа білуіміз керек деп аяқтады. Орталық кітапхана қызметкері Г.Азанова тарихи кітаптарды оқу арқылы өзіміздің тарихымыз туралы тың деректерді біле түсетініміз туралы айта келіп, қазақ хандығының қалыптасуы туралы баяндалатын І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триллогиясын оқуға кеңес берді.

buk

Ал «Атырау Адалдық алаңының» Индер аудандық өкілі Ә.Сарғойшина америкалық ғалым, публицист, педагог Дейл Карнегидің 1937 жылы 5000 дана болып шыққан «Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей» кітабын жастарға оқуға ұсынды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің классик жазушылары, қазақ әдебиетінде үздік туындаларымен алтын әріптермен орын алатын М.Әуезовтың, Ж.Аймауытовтың шығармаларын жинағын оқу жастардың міндеті, борышы екенін жеткізді.

Кітап оқу – адамды жақсылыққа, адалдыққа, тазалыққа тәрбиелейтіні белгілі. Кітап оқу - жақсы мен жаманды ажыратуға, рухани адамгершілікке баулиды. Осы Индер ауданында бастау алған кітап алмасу акциясы өзге аудандарда да жалғасын таппақ. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылса, жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық мұрамызды қадірлеу, болашаққа жеткізу – баршамыздың парызымыз болып қала береді.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521