Ауданда тазалықтың екі айлығы өтуде

Аудан елді мекендерінің көріктендірілуі мен санитарлық тазалықтың екі айлығы жарияланып, оның Индердегі алғашқы сенбілігі  басталып та кетті.

Бүгінгі сенбілікте кенттегі барлық мекеме ұжымдары Жайықтың жағалауындағы "Жастар" саябағын тазартты. Кезінде күтімсіз қалған саябақ соңғы жылдары жаңартылып, қайта халықтың игілігіне берілген болатын. Әрине, саябақта дені бұрынғы бәйтеректер. Ал жас көшеттер егіліп, су қосылғанымен әлі де бірқатар еңбекті талап етеді...

Ал бұл жолы сенбілікшілер саябақтағы қоқыстарды жинап, арам шөптерден арылтып, тазалық мекемесінің тракторына тиеп шығарды.

tazalyk-kyzdar

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521