Ауданда сандық телеарна қайта қосылды

 Индер ауданында халықтың сұранысына орай сандық телеарна қосылды.

Ол бұрын ауданда бойынша көрсетіліп тұрғанымен кейбір ақаулықтарға байланысты уақытша ажыратылған болатын. Бірақ 6 сәуірден бастап оқушылар қашықтықтан оқытуға байланысты «Балапан», «Еларна» секілді арналардан балалары сабақ қарау үшін қосуды тұрғындар аудан әкімшілігіне ұсыныс жасаған.

- Бізге кеше таңертеннен арналарды қосу туралы бұйрық келді. Алайда ол әлі де тестілік-сынама түрде. Толық қосылған кезде халықты ресми ақпарат көздері арқылы хабардар ететін боламыз. Сондай-ақ көрсетіліп отырған арналарға ешқандай ақы талап етілмейді, - дейді Индер телерадио хабар тарату станциясынын басшысы Самат Қабдолов.

Айта кетейік, бұл сандық телеарна интернет желісіне қосыла алмай жүрген көптеген ата-аналарға үлкен көмек болғаны сөзсіз.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз