Ауданда «МЫҢ БАЛА» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Кеше аудан әкімі М.Қалауи ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттап, ноутбуктер табыстады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасын жүзеге асыру аясында ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасы елімізде тұңғыш рет өткізілді.

Талантты, әрі қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау, ауыл мектептеріндегі үздік балалардың дарынды балаларға арналған мектептерде білімдерін жалғастыруына мүмкіндік жасау мақсатын көздейтін ұлттық олимпиадада «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген «Мың бала» ұлттық олимпиадасының облысымыз бойынша жеңімпаздары арасында ауданымыздың М.Сиранов, Қ.Абаханов, Ш.Уәлиханов, Махамбет, Аққала, Жамбыл, М.Әуезов атындағы орта мектептерінен 9 оқушы бар.

«Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары:

1.Нұржан Нұрай Мерекеқызы- М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы.

2.Нұрмұханқызы Нұрайым- Қ.Абаханов атындағы орта мектептің оқушысы.

3.Қайырлы  Қуаныш Асхатұлы- Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы.

4.Зайыр Әли Асылбекұлы- Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы.

5.Жөкен Диас Ақжанұлы- Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы.

6.Жамбылқызы Ұлназ- Махамбет атындағы орта мектептің оқушысы.

7.Биғали Расулолла Қазыбекұлы-М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы.

8.Аманғали Асылнұр Ерланқызы- Аққала орта мектебінің оқушысы.

9.Қатапов Мурат Бауыржанұлы- Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы.

fb_img_1608075850958

Қазіргі таңда 9 оқушының 3-еуі осы жоба бойынша Орал, Атырау қалаларындағы «Білім-Инновация», Дарынды балалардың лицейінде білімдерін жалғастыруда.

Ендеше, жеңімпаздарды құттықтай отырып, оқуда озат болуларыңа тілектеспіз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521