Ауданда "Күз-2023" мерзімді шақыру басталды

Ауданда «Күз-2023» мерзімді әскер қызметке шақыру науқаны басталды. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздің комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі, майор Икенов Мәди Әділбекұлы кент тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиынды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, жасақтау тобы бастығы, аға-лейтенант Нұрдәулет Шираев ашып жүргізіп, жиынның мақсатын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, аудандағы әскери шақыру маусымында орын алатын жайттар, студенттердің оқу орнынан берілетін анықтамасы арнайы база арқылы жасақталатындығын, әскер қатарындағы сарбаздарға жоғары оқу орындарында берілетін грант туралы айтты.

Одан соң, Атырау облысының «Ардагерлер қоғамы» Варшава шарты әскерлер тобы: ГКӘТ – БӘТ және ОӘТ ардагерлер қоғамдық бірлестігі Индер аудандық қоғамының төрағасы Бақберген Сақипов жастарды әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеу ер азаматтың міндеті дей келе, ұйымның атқарған жұмысымен таныстырды.

Сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі, майор Мәди Икенов шекара қызметінің жұмысымен және әскерге шақырылған сарбазға көрсетілетін мүмкіндіктерді атап өтті.

– Қазақстан Республикасында Қарулы күштер үшке бөлінеді - Қарулы күштер, Ұлттық Ұлан және Шекара қызметі.  Құрманғазы, Исатай аудандарында шекара бөлімшелері бар. Шекара қызметінде мерзімді қызмет атқару  бір жылды қамтиды. Оған 18-25 жас аралығындағы ер азаматтар қабылданады. Мерзімді қызмет көктемгі және күзгі шақырылым болып екіге бөлінеді. Көктемгі науқанда жиналған сарбаздардың барлығы дерлік облыс көлеміндегі шекара бөлімшелерінде қызмет атқарып жатыр. Әскерге шақырылғаннан кейін үш ай бойы Атырау қаласында оқу үрдісін үйренеді, содан соң шекара бөлімшелеріне жолданады.

Колледж, университет бітірген жастар алты ай қызмет атқарып, одан соң үш жыл келісімшарт негізінде жұмыс істеуіне болады. Бұдан бөлек, мерзімді қызметке шақырылған азаматтардың кредиті болса, бір жыл көлемінде пайызсыз тоқтатылады, - деді ол.

Жиынға сала мамандары мен бірнеше жыл бұрын әскери борышын шет елде өткерген ардагерлер, жастар қатысты.

Айта кетейік, аталған кездесу ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде жалғасын тапты. 

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521