Болжам бойынша биыл Жайық өзеніне үлкен көлемде су келетіні хабарланған болатын.
Сол себепті бүгін балық қорғау инспекциясы мамандары мен сала ардагері Муса ағамызбен бірге Жайық бойының сай-салалары мен шлюздарын тексеріп, су өткізу жағдайымен таныстық.
Көктемгі су тасқынының ауылдарға қауіп келтіріп тұрған жерлерін зерделеп, алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында жұмыстар жасалатын болады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі