Ауданда кемсіту көріністерін болдырмау мақсатында «ZOOM» арқылы семинар өтті

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Атырау облысында халыққа қызмет ету кезінде этностық, тіл және басқа да белгілері бойынша кемсіту көріністерін болдырмауға бағытталған тең құқықтар қағидаттарын іске асыру» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы семинар өтті.

Семинар кезінде Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының этносаралық бөлімінің бас маманы Еркебұлан Мутигуллин халыққа қызмет көрсету кезінде этностық, тіл және басқа да белгілер бойынша кемсіту көріністерін болдырмауға бағытталған тең құқықтар қағидаттарын іске асыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар тілге тиек етіп, орталық және жергілікті атқарушы органдарға азаматтардың этностық тиесілігіне қарамастан тең құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік қолдау және көмек көрсету болып табылатынын түсіндірді.

Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Дюсубалиева мемлекеттік қызмет көрсету саласында тең құқықтар қағидаттарын іске асыру, этникалық белгілері бойынша азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, азаматтардың құқықтарын кемсіту тәуекелдерін талдау, бағалау және жою бағытындағы қажетті мағлұматтарды мәлімдей отырып, этносаралық кемсіту фактілері анықталған жағдайда қолданылатын, құқықтық нормативтік актілермен бекітілген жауапкершілік шараларын атап өтті.

Қазіргі халықтың сана сезімі мұндай мәлімдемелерге сәйкес адам құқықтарын кемсіту көріністеріне үйреніп қалғандықтан, мұндай дискриминация фактілерімен қарсыласу әркеттер жиі кездеседі. Мәселен, этностық белгісі бойынша кемсіту, гендерлік кемсітушілік, жас белгісі бойынша кемсіту орын алады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар еңбек, сауда және қызмет көрсету саласындағы этникалық, әлеуметтік және өзге де айырмашылықтар негізінде кемсітушілікке жол бермеу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігі де баса назарға алынды.

Айта кетейік, онлайн семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Индер ЖПБ ювеналды полиция тобының инспекторы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы, аудандық жастар ресурстық орталығы маманы, ВОП дәрігері, халыққа қызмет ету орталығының аудандық бөлім басшысының м/а, аудан әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығы басшысының м/а, Индербор кенті әкімі аппаратының маманы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қатысты. Онлайн байланыс соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын айтып, өздерінің пікірлерін білдірді.

А.БОКИРОВА

"Дендер" - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521