Атырау облысы Индер аудандық Полиция Бөлімінің бастығының 2021 жылғы 11 мамырдағы №83 бұйрығымен Индер ауданы аумағында ақпараттық және байланыс саласындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыру бағытында 12-14 мамыр аралығында «HI-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Интернет саласындағы құқық бұзушылық қылмыстардың алдын алу мақсатында Индер ауданының тұрғындарына ескерте отырып, қаперге сала отырып, сақ болуға шақырамыз!
Индер аудандық Полиция Бөлімі