Ауданда азаматтарды шақыру пунктіне тіркеу басталады

сурет kadry.mcfr.kz сайтынан

2023 жылғы қаңтардың 18-нен 2006 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту пунктіне тіркеу жұмыстары басталады. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары» бұйрығына, Индер ауданының әкімінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 45 «2006 жылы туған Индер ауданының азаматтарын 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеуден өткізу туралы» шешіміне сәйкес жүзеге асырылуда.
Жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру пунктілеріне тіркеледі. Тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар ауданның жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы деректер негізінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша алдын ала бөлуді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала алдын ала іріктеуді жүргізеді және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіретін адамдарды анықтайды.
Әскерге шақыру пунктіне тіркелуге жататын барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, оларға нақты белгіленген күні және Индер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту пунктіне Қаражанов 11 мекенжай бойынша тіркеуге келуге міндетті.
Ал, шақырту қағаздарын алмаған азаматтар жеке басын куәландыратын құжаттарды өзімен бірге алып 2023 жылы 16-24 қаңтар айында көрсетілген мекенжай бойынша келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-VI «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын негізінде меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары тіркеуден өту үшін әскерге шақыру пунктіне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етуі керек.
     Н.Шираев,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жасақтау тобының топ бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521