Аудан жастары танымал блогермен кездесті

Күні кеше аудан жастары Өрлік ауылдық мәдениет үйінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен аудан әкімдігінің қолдауымен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің «Өркениет» жобасы аясында ұйымдастырған «Жиһангез сыры» тақырыбында саяхатшы, танымал блогер, психолог Динара Болатпен кездесті.

Алдымен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Сұңқар Көшеков келген меймандарға қош келдіңіздер айта отырып, сәттілік тілеп, сөз тізгінін ұсынды. Кездесу кезінде қазақтың саяхатшы қызы білім мен ізденістің, еңбек пен талапшылдықтың арқасында жетістік пен табысқа жетудің бағыттарын, мотивация, тұлғалық даму мен отбасы, саяхат тақырыптарында өзінің ой-тәжірбиесімен бөлісті. Сондай-ақ жастарды еңбек етуге жастық жалынын орнымен пайдалануға, уақыттың қадірін ұғындырып, қолға алған әрбір іске жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар жиі саяхаттап ел мен жерді көрудің ой өрістің кеңеюіне үлкен әсер ететіндігін айтып, қазақ әйелінің қоғамдағы орны туралы да сөз етті.

- Мен, өзім Батыс Қазақстан облысы, Аңқата ауылында туып-өстім. Бала кезімде география пәнінен сабақ беретін анамның картасы мен глобустарын қызыға қарап, ертең өскенде міндетті түрде саяхаттаймын деп алдыма мақсат қойдым. Күндердің-күнінде ауылдан қалаға көшетін болдық. Әйтеуір қайдан қаланың қарбаласы бітсін бе? Сөйтіп жүріп, 9 сыныптың үш ай демалысында базарда аяқ-киім сатып еңбекке араластым, әке-шешеме көмектесім. Ол кезде заманның тауқыметіне байланысты болу керек саяхат деген арман күте тұрды. Себебі, жоғары білім алдым, тұрмысқа шықтым, отбасылы болдым. Содан уақыт өте келе, бала кезімдегі арманымды орындап 29 жасымда алғаш Қытай еліне саяхат жасадым. Міне, сөйтіп жүріп, төрт жылдың ішінде 30-ға жуық елді араладым,-дейді.

Танымал блогер Динара Болаттың айтуынша, шетелдердегі жағажай-дың жағасында құр демалып келгеннен ештеме өзгермейді. Себебі, саяхаттау арқылы сол елдің мәдениеттін, салт-дәстүрін танып, көріп келген дұрыс. Осыны мәлімдей келе, жастарға қазірден бастап ақша жинап, өзге елдерді аралап, көрген сайын болашақта еліміз қандай мамандыққа сұранысқа ие екендігін, ол жақта жастардың қалай өмір сүріп жатқанын білетіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар жастарға жұмыстан болсын немесе басқа бір ортадан болсын қатты қысым көретін болса ең бастысы берілмей, адамгершілік және адами қабілетті жоғалтпауды түсіндірді.

dsc_1987

-Жалып әрбір адам өзінің жанында жақын жүрген адамдардан өте қатты сақ болуы керек. Себебі, олар Сіздің мінез-құлқыңызды немесе өмірлік таңдауыңызды, мақсатыңызды қалыптастырады. Сондықтан биік мінберлерге көтерілмей жүрсеңіз, жаңа орта өзгертуіңіз қажет,-деп жастарды дұрыс ортаға бейімделу керектігін көрсетті.

Ал қазақ әйелдеріне үйде баламен отырып, қоғамнан шектеліп қалмай, бала кезгі армандарына қол жеткізу керектігін де көтерді. -Себебі адам көп жағдайда бір ауылда туып, ешкімді көрмей, ешқайда шықпай сол ауылдан өмірден өтіп кетіп жатады. Сонда ол ғұмыр ма? Әлем шексіз, оның берері қанша. Сондықтан әркім бақытты болуы үшін білім алып, ел мен жерді танып білуі керек,-дейді. Кездесу кезінде шетелдердің тыныс-тіршілігін, ол жақтағы мамандыққа деген сұраныстың қандай деңгейде екендігін де салыстырмалы түрде жеткізе білді. Танымал блогермен кездескен аудан жастары өздерінің сұрақтарына жауап алып, еркін түрде сыр-сұхбат жүргізді. Кеш соңында естелік суретке түсіп, көңілді күйде тарқасты.

Д.АЙБАР

Өрлік ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521