Аудан әкімі Дарын Шамұратов индерліктерді Жеңіс күнімен құттықтады

Аудан әкімі Дарын Шамұратов индерліктерді Жеңіс күнімен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды жасампаз ерліктің ұлы мерекесі – Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті де қастерлі мереке күні майдан даласында ерліктің ерен үлгісін танытқан ардагерлердің қайсарлықтарына, тыл еңбеккерлерінің жанкешті ерліктеріне басымызды иіп, тағзым етеміз! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмегені белігілі. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жерлестеріміз қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды. Майдан даласынан елге аман қайтқан жауынгерлер түрлі салада қызмет етіп, ерлік істерін бейбіт күндегі адал еңбектерімен жалғастырып, елге өлшеусіз қызмет етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да абзал арыстарымызға деген құрмет пен тағзым ешқашан жадымыздан өшпек емес! Қадірлі ағайын! Халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ерен үлгісі болған Жеңістің 78 жылдығы тағы да құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! Жеңістің туы желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521