Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

Келесі жылы кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толады.

Осыған орай, бүгін ауданға жұмыс бабымен «Атырау облыстық ауған соғысы ардагерлері Одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен интернационалист жауынгерлері келіп, әуелі аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде студенттермен кездесті. Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі – Ауғанстан соғысы. Әрине, он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлерінің құрамында Қазақ жауынгерінің интернационалдық міндет атқарғаны тарихтан белгілі.

Алдымен «Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Қайыржанов жас ұрпақты патриоттық бағытқа тәрбиелеу, оларға Ауған соғысы туралы кең мағлұмат беріп маңызын ашық түсіндіру бүгінгі жұмыстың мақсаты екендігін айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Одан әрі топ мүшелері аудан әкімі Серік Арыстанның қабылдауында болды. Жастарға үлкен ой саларлық шараның соңы аудандық дене шынықтыру және спорт кешенінде волейболдан өткен жолдастық кездесумен жалғасты.

Толығырақ газетіміздің 21 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз