«Atyraý» телеарнасының директоры қызметіне Гүлвира Бекқұлиева тағайындалды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың шешімімен журналист, Корпорацияның ішкі кадрлық резервінің мүшесі Гүлвира Бекқұлиева аймақтық «Atyraý» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Гүлвира Бекқұлиева 1981 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Телевизия саласында 19 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 2004 жылы редактор болып бастаған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жаңалықтар бөлімінде тілші, редактор қызметтерін атқарды. «Qazaqstan» телеарнасының эфиріндегі қоғамдық-саяси жобалардың продюсері әрі авторы.
Корпорацияда қызмет ете жүріп, Ұлыбританияның әлемдегі ең ірі «BBC» теле және радиохабартарату бірлестігінен тағылымдамадан өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз