Атыраулық студент «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатының жүлдегері атанды

Биылғы 5-9 қыркүйек күндері Польшаның Гданьск қаласында «Euroskills –2023» халықаралық чемпионаты өтті. 

Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы облыстық Әдістемелік орталықтың instagram-парақшасында жарияланды.  “Үш күнге созылған «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатына қатысқан 32 мемлекеттің ішінен біздің жастарымыз Қазақстан туын биікке көтерді. 

Ұлттық команда құрамында облысымыздан қатысқан С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Ерасыл Бағытжан «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша ел намысын қорғап, халықаралық чемпионатта жүлделі  1 орын иеленді.

Сондай-ақ, Ерасыл «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша жетістігі үшін «Үздік маман» және «Ұлт мақтанышы» медальондарымен марапатталды”,- деп жарияланған.  

Айта кетейік, чемпионатта Қазақстан Ұлттық құрама командасының 28 қатысушы 25 құзыреттілік бойынша бақтарын сынаған болатын.

 

Нұргүл Насыр



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз