Атыраулық кәсіпкер өз қаржысына салған жылыжайдан бір жылда 357,5 тонна өнім алған

Былтыр Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылында жұмысын бастаған жылыжай жыл бойына 357,5 тонна өнім берді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік комуникациялар қызметі.

Бұл туралы Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар Құмарғалиев есептік жиынында атап өтті. «Иманбаев Н» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі құны 250 млн. теңге тұратын жоба құрылысы 2021 жылдың І тоқсанында аяқталған.

«Округ әкімдігінің ұсынысымен және қала әкімдігінің қолдауымен инновациялық жоба - жылыжай құрылысын «Иманбаев Н» жеке шаруашылығы қолға алды. Жыл ішінде жылыжайдан 357,5 тонна өнім алынды. 10 адам жұмыспен қамтылды» дейді ауылдық округ әкімі Мұхтар Құмарғалиев. Былтыр округке қарасты 7 шаруашылық жылыжайдан барлығы 382 тонна өнім алынған. Оның 357 тоннасы өткен жылы іске қосылған «Иманбаев Н» жеке кәсіпкерлігіне тиеслі. Жылыжай жыл бойына екі рет өнім беріпті.

Айта кетейік, жоба кәсіпкердің өз қаржысы арқылы жүзеге асырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз