banner_damu

Атыраудың абызы, соғыс ардагері Айдын Айбаров дүниеден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау облысының құрметті азаматы Айдын Айбаров жүз жасқа қараған шағында өмірден озды.

Айдын Айбаров майданға 1941 жылы Мақат ауданы Доссор кентінен шақырылды. Ол 956-шы авиациялық полктің барлау ұшқышы болды.

Белоруссия мен Пруссияны азат етуге қатысқан, Отан соғысы орденімен, II дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін" және "Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған. Өзінің қадірлі жасына қарамастан, ақсақал өмірінің соңына дейін облысымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, өскелең ұрпақ үшін жарқын үлгі қалдырды.

9 мамырда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагері Айдын Айбаровқа жеке барып, оны Жеңіс күнімен құттықтаған болатын. Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары ардагер үйінің ауласында соғыс жылдарының әндерін орындаған еді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика