Атыраудағы қамыс өртін сөндіруге көрші облыстан тікұшақ көмекке келеді

8 шілде күні өрт ошақтарын сөндіруге Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы көмекке келеді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ағымдағы жылғы 8 шілде күні сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 450 га құрайды. Оның ішінде 50 га көлемінде ашық отпен жануда. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД және «Ақ Жайық» МТР күштері мен құралдары жұмылған. Қазіргі уақытта қамыс өртін сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып отыр.

Бүгінгі күні өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 38 қызметкері, 6 бірлік техникасы, «Ақ Жайық» МТР 28 қызметкері және 9 бірлік техникасы, 4 бірлік мотопомпасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде сағат 08:19-да өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған болатын.

Барлық құқық қорғалған. Atr.kz белсенді сілтемесін пайдаланыңыз https://atr.kz/zhanalyqtar/atyraudagy-qamys-ortin-sondiruge-korshi-oblystan-tikushaq-komekke-keledi/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521