Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында 5 адам қайғылы оқиғаға ұшырады, оның 2-еуі бала.
Көптеген жағдайларда су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың себебі - жабдықталмаған және рұқсат етілмеген су айдындарында суға түсу, жүзе алмау, балалардың ата-ананың қарауынсыз қалдыру салдарынан болады.
Атырау облысы ТЖД ескертеді
Суға шомылу кезінде тыйым салынады:
1) мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
3) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
6) су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
7)жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
8) жалған дабыл беріп айғайлауға;
9) техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
10) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.