АТЫРАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЙЫНШЫҚ ҚАРУДАН «ОҚ» АТҚАН

1 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы №2 Қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне көрші аулада тұратын жасөспірімдер травматикалық қарумен оқ атып жүргені жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, Атырау қаласындағы СМП-136, №6 үйдің 129-пәтерінің тұрғыны, 1976 жылы туылған азаматша Анна Марнинаның ұлына пластикалық оқ атылған. ​ Жергілікті полиция басқармасыың мәліметінше, аталған мекен-жай бойынша №4 үйдің ауласынан екі жасөспірім анықталған.

Олардан пластикалық оқпен атылатын ойыншық тапанша алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тапаншаның суық қаруға жатпайтындығы, яғни, балалар ойыншығы екені анықталды. ​ Тексеру барысында жасөспірімдердің бұрын істі болмағандары белгілі болды.

​Оларға қатысты бес ата-анадан жазбаша арыз алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз