Атырауда «Түнгі қаладағы балалар» шарасы өтті

Биылғы 17-19 шілде аралығында Атырау станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аймағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шараға жергілікті атқару органдары, білім беру, денсаулық сақтау органдары өкілдері қатысты. «Штаб құру жөнінде Атырау станциясы желілік полиция бөлімінің бұйрығы» және аймақтық ерекшеліктерді, әрекеттелген күш пен құралдардың есебін ескере отырып, барлық желілік полиция бөлімінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Кәмелетке толмағандардың құқығының қорғалуын қамтамасыз ету үшін, осы іс-шараны жүргізуге қатысатын жеке құрам арасында нұсқаулық берілді.

Қызмет атқару аймағында орналасқан станция, бекеттер, разъездеріндегі кәмелетке толмағандар мен жастардың уақыт өткізетін жерлері (кафелер, барлар, мейрамханалар, мәдени орындар, темір жол саябағы) тексеруге алынды.

Алкогольдік ішімдік ішетін кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік және темекі бұйымдарын сату деректерін, сондай-ақ  кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартатын адамдарды анықтау бойынша қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлерінің жұмысы жандандырылып, кәмелетке толмағандардың тарапынан орын алатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен ата-анасының қадағалаусыз түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде болуы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша 4 әкімшілік құжат жасақталды.

Сонымен қатар «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс- шарасы барысында, Атырау станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында темір жол бойына жақын орналасқан елдімекендерде кездесулер өткізілді.

 К.Д.Рахимбердиева, 

Атырау станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы,

полиция майоры

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT